Қазақтың "рафаэллосына" сұраныс көп

1140

Құрт сатып, құт-береке тапқан кәсіпкер келіншек Айнұр Искакова "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арқылы қайтарымсыз грант алып, өз дүкенімді ашсам дейді.

Қазақтың "рафаэллосына" сұраныс көп

Қазақтың "рафаэллосына" сұраныс көп. Ал сонау Алматы, Астана, Қарағанды, Балқаштан тапсырыспен алғызатындардың қатары жыл он екі ай үзілмейтін көрінеді.

"Құрт-май өткізіп, күнара 5 мың теңгеге дейін табыс тауып жүргенімді байқап, күйеуім тағы бір сиыр сатып әперді. Тағы бір жылдан соң сауынды сиыр санын үшеуге жеткіздік. Сөйтіп жүріп, құрт-майды ауыл арасында ғана емес, Балқашқа дейін жіберіп, сата бастадық", – дейді Айнұр Искакова.

Тапсырыс көбейген соң, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, несие алып сиыр санын 15-ке жеткізіпті. Осылайша, құрт саудасын қыздыруға шындап кірісіпті.

Кәсіпкер келіншек сауатын сиырлар саны көбейген соң, күйеуі де басқа кәсіпті қойып, мал шаруашылығына бетбұрғанын айтады. 

Жалпы диетологтар да, тағамтану академиясының мамандары да құрттың ас қорыту процесіне тигізетін пайдасы көп екенін айтады. Ал пандемия кезеңінде құртқа деген сұраныс арта түскені мәлім.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу