"Қазфосфат" ЖШС объектілік темір жолында өрт болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
"Сарысу ауданында "Қазфосфат" ЖШС объктілік темір жолында Шошқабұлақ стансасында өрт шықты", - деді Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен
2ТЭ10М №3161 тепловозының "А" секциясы өртке оранған". Пойыз құрамында кен тиелген 15 вагон болған, ол Шошқабұлақ стансасы (карер) - Орталық (комбинат) қатынасы бойынша жолға шыққан. Жалынды ауыздықтауға бір жарым сағат кетті. Оған ТЖД "ӨжАҚЖҚ" ММ тобы жұмылдырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу