Қазмедиа жоғалған бағдарламалар үшін шығынды өтейтін болды

955

Қазмедиа жоғалған бағдарламалар үшін шығынды өтейтін болды

"Қазақстан" телеарнасы сотта "Қазмедиа орталығын" жеңіп шықты, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА.

2015 жылы Қазақстан телеарнасы "Қазмедиа орталығы" "Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" телебағдарламасының бірін түсірді. Бағдарлама жұмыстарын "Қазмедиа орталығы" толығымен қамтамасыз етеді. Алайда, монтаж барысында аталған бейнежазбаның жоқ екені анықталды. Сонымен бірге, "Алаң" бағдарламасының да бір бейнежазбасы жоғалған. "Қазақстан" телеарнасы мен "Қазмедиа орталығы" арасында бекітілген шартқа сәйкес, қызмет көрсетуші бейнежазбаның сапасы мен сақталуына жауапты.

Іс материалдарымен таныса келе, Астана арнайы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Қазақстан" Республикалық телерадиокорпорациясы" АҚ талабын қанағаттандырып,  "Қазмедиа орталығы" Басқару компаниясы" ЖШС-нан 2 725 264 теңге көлеміндегі шығын сомасын өндіріп берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу