Қазпошта жедел желі қызметін іске қосты

1313

Қазпошта жедел желі қызметін іске қосты

"Қазпошта" АҚ сыбайлас жемқорлық, айлакерлік, кемсітушілік фактілері мен басқа да бұзушылықтарды анықтау үшін, Жедел желі қызметін іске қосты. Бұл желі арқылы клиенттер, серіктестер және контрагенттер арыздарын құпиялы түрде жібере алады.

"Бірнеше жыл бұрын басталған трансформация бағдарламасының аясында, біз теxнологиялар мен процесстерді өзгерту бағытымен қатар, алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы күрес жолында да жұмыс атқарудамыз. Клиенттеріміздің сенімділігін арттырудағы келесі қадамымыз - жедел желі қызметі. Бұл қызмет көптеген сервистік компаниялардың сапасын көтере алған құрал болып табылады" – деп "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы, Бағдат Мусин бөлісті.

Қазпоштамен байланысты кез-келген құқық бұзушылық фактілірі жайлы хабарлау үшін hotline@bailanys.com электронды жәшігіне хат жазып, +7-800-080-0831 нөмірі арқылы хабарлап немесе  http://www.bailanys.com сайтында арнайы үлгі бойынша мәлімет қалдыруға болады, делінген компания таратқан хабарламада.

Жедел желіні жалған ақпаратты тарату немесе бұзақылық мақсатпен, сонымен қатар, кек пен өш алу үшін қолдану заңды түрде жазаланады.

Айтарлықтай, қызмет көрсету сапасы бойынша немесе сәлемдемені табу үшін және басқа да сұрақтар бойынша 1499 Байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу