ҚДБ инвестициялық жобаларды қаржыландыру "табалдырығын" төмендетті

601

ҚДБ инвестициялық жобаларды қаржыландыру "табалдырығын" төмендетті

"Қазақстан даму банкі" АҚ инвестициялық жобаларды қаржыландыру "табалдырығын" 30 млн АҚШ долларынан 7 млрд теңгеге дейін төмендетті. Мұны "Қазақстан даму банкі" АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Несие саясаты туралы меморандумның жаңа редакциясы инвестициялық жобаларды қаржыландыру "табалдырығын" 30 млн АҚШ долларынан 7 млрд теңгеге дейін, ал тамақ саласы үшін 30 млн доллардан 3 млрд теңгеге дейін, экспорт операциялары үшін 5 млн доллардан 1 млрд теңгеге дейін төмендетілгенін көрсетті", – дейді Болат Жәмішев.

ҚДБ басқармасының төрағасы 2016 жылы банк өз жұмысын өзгерткенін де жеткізді. Жаңа курс бойынша банктің ақпараттық ашықтығына мән берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу