Келер айдан бастап жастарға арналған баспанаға өтініш қабылдау басталады

1401

Аталған тұрғын үй тек 5 жылға, жұмыс істейтін жастарға беріледі.

Келер айдан бастап жастарға арналған баспанаға өтініш қабылдау басталады

Келер айдан, яғни қараша айында жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы "Тұрғын үй қоры" КММ хабарлап отыр.

Айта кетсек, аталған тұрғын үй тек 5 жылға ғана, тек жұмыс істейтін жастарға беріледі. Жалға берілетін пәтер үшін 5 000-15 000 теңге төленеді.

Құжаттар тек электронды түрде қабылданады.

Арендалық баспана алуға жасы 30-ға толмаған азаматтар өтініш бере алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу