Кентауда пластик қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды

1777

Кентауда пластик қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт іске қосылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды. Жаңадан ашылған "Статус Эверест" ЖШС-нің салтанатты шарасына ҚР Инвестиция және даму министрлігі, көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нүркенов, қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты, деп мәлім етті ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

2014 жылы Кентау қаласындағы индустриялды аймақта құрылысы басталған өндірістік кәсіпорынның сметалық  жобасы 100 млн  теңгені құрайды.

Аталған зауыт пластикалық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату үшін екінші реттік шикізаттық өнім дайындайды.

Дайын шикізатты Қазақстан мен Ресей Федерациясының Челябі, Екатеринбор, Мәскеу, Самара қалаларына экспорттау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді.

Сағатына 300-500 келі көлемінде пластикалық қатты қалдықтарды өңдеуге қауқарлы зауытта 1 айда 80-100 тонна қалдықтарды өңдеуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу