Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы консультативтік-кеңесші орган және Қазақстанда тұратын 130-ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілдерін біріктіреді, халқының саны 18,5 миллион адамнан асады. Оны құру идеясын Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы ұсынған, сонымен бірге ол – оның тұрақты төрағасы.
ҚХА заң шығаруға құқығы жоқ, соған қарамастан Ассамблея сессияларында республиканың дамуы үшін маңызды болатын ұсыныстар мен бастамалар көтерілді, олар кейіннен заңдармен және мемлекет басшысының жарлықтарымен іске асырылды.