Кибербуллинг, овершеринг, груминг: Интернеттен балаға қандай қауіп бар

918

Қазіргі заманның балалары интернетте көп уақыт өткізеді. Осы ретте "Kaspersky" сарапшылары пандемия кезінде оларды қандай сайттар көбірек қызықтыратынын, мектеп оқушылары желіде қандай қауіп-қатерлерге тап болуы мүмкін екенін анықтап көріпті. Сонымен қатар мамандар оларды интернет қауіптерінен қалай қорғауға болатыны жөнінде де кеңестер беріп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Қазақстандағы "Kaspersky зертханаларының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кибербуллинг, овершеринг, груминг: Интернеттен балаға қандай қауіп бар

"Kaspersky"-дің деректері бойынша негізінен қазақстандық балалар әртүрлі бағдарламаларды жүктеуге, музыка тыңдауға, фильмдер көруге болатын сайттарға жиі кіреді. Веб-парақтарға кірудің жартысына жуығы осы санатқа тиесілі. Танымалдық бойынша екінші орында — әлеуметтік желілер мен чаттар. Ойындар да басымдыққа ие: осы санаттағы сайттар кіру саны бойынша көшбасшылардың үштігіне кіреді. 
"Компанияның сауалнама деректеріне сәйкес, мектеп оқушыларының жартысына жуығы әлеуметтік желілерде жаңа адамдармен танысып, бейтаныс адамдардан дос болуға шақыру алғанын мойындаған. Кейде мұндай ұсыныстар жасы мектеп жасынан әлдеқайда ерекшеленетін адамдардан келеді. Егер олар баламен жыныстық қарым-қатынасқа түсу мақсатында достық қарым-қатынас орнатса, олар балаға үлкен қауіп төндіруі мүмкін. Бұл қауіптің арнайы атауы — интернет-груминг. Танысу көбінесе баланың құрдастарының атынан чатта, форумда немесе әлеуметтік желіде болады. "Жекеде" сөйлесе отырып, қаскүнем баланың сеніміне кіреді, онымен кездесу туралы келісуге тырысады", - дейді мамандар.

Интернетте оқушылар агрессияға, тіпті қудалауға тап болуы мүмкін. Бұл құбылыс "кибербуллинг" атауымен ел ішінде аты шыға бастады. Бұл мектепте немесе аулада қудалаудан кем емес, өйткені бала желіге шыққан сайын, яғни үйде де оның көріністерінен зардап шегеді. 

Кейде балалар желіде өздері туралы тым көп ақпарат орналастырып, ұялы нөмірін, мектеп нөмірін ашық қолжетімділікте қалдырып, геотаңбалауды қойып, фотосуреттерін салады. Осылайша өздері  үшін айла-амал тауып береді. Бұл құбылыс "овершеринг" деп аталады. Оның қауіптілігі – алаяқтар мен пиғылды адамдар шамадан тыс ашықтықты пайдалана алады. Оқушылардың достарымен өз әсерлерін бөліскісі келетіні түсінікті, бірақ баланың әр қадамы, қайда баратыны және қайда болатыны туралы тек оның отбасы мүшелері ғана білуі керек. Өйткені, мысалы, үй жағдайында түсірілген фотосуреттерден зиянкестер отбасының жай-күйінің деңгейін түсіне алады. Ал сапарлардан жасалған селфи мен геотегтер бойынша үйде ешкім болмаған сәтті бақылауға болады.

"Кез-келген интернет қолданушысы сияқты, балалар күмәнді сілтемеге өтіп немесе зиянды файлды ашса, фишингке, спамға немесе зиянды бағдарламаларға тап болуы мүмкін. Оқушыларға мұндай жағдайларды болдырмауға көмектесу үшін ата-аналар мен мұғалімдер киберқауіптерді қалай тануға болатындығы туралы және кибергигиенаның негізгі ережелері туралы сөйлесуі керек: әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу, аккаунттар үшін күрделі парольдер ойлап табу және оларды мезгіл-мезгіл өзгерту, өзі туралы көп ақпарат бөліспеу, күмәнді ресурстардан фильмдер мен бағдарламаларды жүктемеу, күмәнді бейтаныс адамдармен байланысқа түспеу", - дейді "Kaspersky"-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

"Kaspersky" ата-аналарға балаларды желіде қорғаудың негізгі ережелерін еске салады. Олар:
1. Балаға интернетті меңгеруге көмектесіңіз: онымен бірге әлеуметтік желіде, поштада, ойын сервисінде аккаунт ашыңыз, қызықты бейнелер мен кітаптарды қайдан іздеу керек, музыканы қалай тыңдау керек, тексерілген ақпаратты қайдан іздеу керек екенін көрсетіңіз; 
2. Интернеттегі қауіптер туралы айтыңыз, бірақ қорқытпаңыз, оған түсінікті тілде түсіндіріңіз;
3. Негізгі тәртіп ережелері туралы келісіңіз: мысалы, бірлескен тамақтану кезінде гаджетті пайдаланбау, онлайн ойындарды тек келісілген уақытта ойнау, 22.00-ден кейін телефонмен отырмау. Бұл ережелерді отбасының барлық мүшелері сақтаса жақсы, өйткені балалар көп жағдайда ересектерден үлгі алады;
4. Балаға, егер оны біреу қудалап жатса, оның кінәсі жоқ екенін түсіндіріңіз және мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін ескертіңіз: қудалауға жауап қайтармау, қудалаушыларды "қара тізімге" қосу, оларға әлеуметтік желі әкімшілеріне шағымдану, ата-анасына айту;
5. Егер бала өзінің алғашқы құрылғысын алып, цифрлық әлемді енді ғана біле бастаса, Kaspersky Safe Kids сияқты ата-аналық бақылаудың арнайы бағдарламасын орнатыңыз, бірақ балаға бұл туралы ескертуді ұмытпаңыз.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу