Кибершабуыл жасаушылар 42 мың доллардан артық қаражат тапты

1086

Кибершабуыл жасаушылар 42 мың доллардан артық қаражат тапты

Әлемнің ондаған елдеріне кибершабуыл жасаушылар 42 мың доллардан астам қаражат тапты, алайда кибершабуылшылардың құрбандары жіберген ақша әлі күнге дейін есепшоттардан алынбаған деп хабарлайды РИА Новости Times басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін Еурополдың директоры Роб Уэйнрайт мәлім еткендей, кибершабуылдар сериясы дүйсенбі күні таңертең қайталануы мүмкін. Оның мәліметі бойынша, әлемнің 150 еліндегі 200 мың қолданушыға ауқымды кибершабуыл жасалды.

Күш көрсету құрылымдары хакерлік шабуылдың құрбандары биткоин түрінде ақша аударған үш онлайн-шотты бақылауға алып отыр. Биткоиндерді қолдану арқылы жасалған заңсыз әрекетті анықтайтын Elliptic компаниясы құрылтайшыларының бірі Том Робинсон жалпы мөлшері 23,5 биткоинды құрайтын 110 құн төлеу оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

Guardian газеті төленетін құн сомасы көбеюі мүмкін дегенді айтады, себебі бопсалаушы бағдарлама егер компьютер қолданушылары талапетілген соманы үш күннің ішінде төлемесе, қаражат көлемін арттырамыз деп қорқытады. Егер хакерлік шабуылдың құрбандары жеті күннің ішінде аталған соманы төлемесе, вирус барлық файлдарды жойып жібереді.

Avast антивирустық бағдарламасын жасаушылар WanaCrypt0r 2.0 вирусын пайдаланған 57 мың хакерлік шабуыл тіркелгенін айтады. Компанияның мәліметі бойынша, вирус бірінші кезекте Ресей, Украина және Тайвань аумағында таралды. Ал"Касперский зертханасында" жұма күні әлемнің 74 елінде 45 мың хакерлік шабуыл әрекеті орын алғанын және оның басым бөлігі Ресей аумағында байқалғанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу