Киев қызығушылық танытса, қазақстандық вакцинаны Украинаға жеткізуге дайынбыз – Бақыт Сұлтанов

793

Украинада ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың жұмыс сапары аясында Қазақстан-Украин келіссөздері жалғасуда, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.  

Киев қызығушылық танытса, қазақстандық вакцинаны Украинаға жеткізуге дайынбыз – Бақыт Сұлтанов

Аталмыш сапар аясында өткізілген келіссөздер туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.

"Қазақстанның мүддесін алға тарта отырып, Украина үкіметінің басшылығымен бірқатар кездесулер өткіздім. Украина Премьер-Министрі Денис Шмыгаль мырзамен екіжақты өзара іс-қимылдың барлық өзекті мәселелері бойынша пікір алмастық.

Қазір барлық елдердің алдында басты міндет тұр, ол коронавирусқа байланысты жарияланған карантин шектеулерінен кейінгі өзара қарым-қатынасты жалғастыру. Бұл міндетке қол жеткізудің басты жолы - халықты жаппай вакциналау.

Қазақстан covid-19 коронавирусына қарсы өз вакцинасын өндіретін санаулы елдердің бірі болып табылады. Адамның аденовирустық векторлары платформасында жасалған біздің QazVac вакцинасы 96% астам тиімділікке ие. Киев қызығушылық танытқан жағдайда біздің вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуге дайынбыз",-деп жазды министр.

Сондай-ақ ол QazVac вакцинасына жеткізу мүмкіндігін Украина Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Виктор Ляшкомен кездесуде де талқыланғанын айтты.

"Экономикалық белсенділікті қалпына келтірумен өзара сауда көлемін ұлғайту мәселесі ерекше өзекті. Үкімет басшысын мемлекетаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша негізгі уағдаластықтармен таныстырдым. Олардың барлығы өзара сауда айналымын арттыруға бағытталған.

Шмыгаль мырзамен Укрзалізниця-ға қажет ететін теміржол өнімдерін жеткізу перспективасын талқыладық.

Украиналық кәсіпкерлерге біздің шекаралық ынтымақтастық орталықтарын пайдалануды ұсындым. "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы арқылы украиндық өндірушілер Қытай нарығына шыға алады.

Біз үшін аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы украиналық тәжірибе өте маңызды, әсіресе, озық агротехнологиялар мен инновацияларды енгізуде.

IT индустриясы үлкен әлеуетке ие. Украина да, Қазақстан да электрондық қызметтерді дамыту саласында алға қадам басты. Тәжірибе алмасу және заманауи жобалардың перспективасын Вице-премьер-министр - цифрлық трансформация Министрі Михаил Федоров мырзамен талқыладық.

Әңгіме қызықты және мазмұнды өтті-біздің делегация құрамында Киевке Қазақстанның цифрлық даму министрлігінің мамандары және IT бағдарламалардың отандық өндірушілері қатысқан болатын.

Кездесуде мемлекеттік қызметтерді цифрландыру басты тақырып болды. Біз бірлескен жобалар үшін өзара іс-қимылдың перспективалық салаларын айқындауға уағдаластық", - деп жазды Бақт Сұлтанов.

Оның сөзінше, Украина тарапын Қазақстанның "Сергек" бағдарламасының фото/видео бекіту жүйесі қызықтырды. Федоров мырза тіпті ол туралы Украина президентіне айтты.

"Біз министрге басқа да қазақстандық табысты Documentolog, Damumed., BTS т.б. жобалар туралы айттық.

Украиналық IT компанияларға Қазақстанда "Astana Hub" базасында инженерлік кеңсені орналастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсындым.

Хризотил асбестіне оралсақ.

Украинаның премьер-министрімен кездесуде осы тақырыпты көтердім. Екіжақты сараптамалық консультациялар өткізу қажет.

Киевтегі келіссөздер жалғасуда. Бағдарламада украин бизнесінің өкілдерімен кездесу және Қазақстанға "қызығарлықтай" инвестицияларды тарту",-деп қорыттық министр.

Осыған дейін Бақыт Сұлтановтың Украинаның бірқатар лауазымды тұлғаларымен кездескенін жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу