Киіктің контрабандалық мүйіздерін жұрт көзінше жою шарасы өтеді

1339

Қоғам белсенділерінің бұл бастамасына әзірге жалғыз Батыс Қазақстан облысы ғана үн қатып, қабыл алды. 

Киіктің контрабандалық мүйіздерін жұрт көзінше жою шарасы өтеді

Табиғатқа қарсы қол көтеріп, заңсыз аң аулаған қаскөйлерден тәркіленіп алынған киік дериваттарын жою рәсімі кеңес кезінде қалыптасқан дәстүр бойынша жұрт көзінен тасада, жабық өтетін. Енді алғаш рет осы іс-шараға бұқара өкілдері мен журналистер шақырылып отыр.

Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы елдегі "киік мүйізінің заңсыз саудасына қарсы ақпараттық науқан" аясында құзырлы мемлекеттік органдарға өтінішпен жүгінген екен. Онда қоғамдық ұйым кейін көлеңкелі нарықта заңсыз түрде қайта сатылмауы үшін қылмыскерлерден тәркіленген контрабандалық киік мүйіздерін және дериваттарын жою рәсімін ашық түрде өткізуді ұсыныпты.

Қоғам белсенділерінің бұл бастамасына әзірге жалғыз Батыс Қазақстан облысы ғана үн қатып, қабыл алды. Нәтижесінде, 18 қазан күні Орал қаласындда, қала әкімдігінің қолдауымен, Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті киік мүйіздерін жою рәсімін ашық түрде өткізеді.

Көпшілікті мұндай шараны қызықтауға шақыру Қазақстан тәжірибесінде бірінші рет болғалы тұр және сол арқылы жануарлар әлемі объектілерінің заңсыз саудасына және браконьерлікке қарсы күресті ел арасында насихаттау мақсат тұтылуда.

Іс-шараның қорытындысы бойынша киік мүйіздерін және мүрделерін жою шараларын ашық түрде өткізу бойынша батысқазақстандық тәжірибе басқа облыстарға үлгіге ұсынылатын болады.

Биылғы жыл басынан бері тек Батыс Қазақстан облысында ғана киіктің 400-ден астам мүйізі және 15 мүрдесі тәркіленген екен. Бұл ретте осы қарау іспен айналысатын бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ және жеке қылмыскерлер ұсталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу