Кім, қандай жағдайда жұмыстан шығарылады?

638

Мәжілісте қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілер мен квазисектор басшыларын жұмыстан шығару туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 

Кім, қандай жағдайда  жұмыстан шығарылады?

"Жалпыұлттық жоспардың 122-ші тармағы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмысына жол берген адамдарға қатысты квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салуды енгізу және қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілерді немесе квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларын жұмыстан шығару қарастырылған. Мемлекет басшысы өз жолдауында квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қатаң шараларды қабылдау қажеттігін айтты. Осыған байланысты еңбек кодексіне және Мемлекеттік қызмет туралы келесі түзетулерді енгізу ұсынылады: біріншіден, квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салуды бекіту керек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің және квазимемлекеттік мекеме басшыларында қос азаматтық анықталған жағдайда оларды жұмыстан босату керек",–  деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу