"Дүниежүзілік сауда ұйымы алдындағы міндеттемелерді ескере отырып, ішкі нарықты одан әрі дамыту мақсатында отандық өндірісті қолдауды жалғастырамыз. 2020 жылдың соңына дейін мемлекеттік сатып алуда тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың арнайы тәртібі қолданылады. Ұлттық режимнен алып тасталатын атаулар тізбесін кеңейту жұмысы атқарылып жатыр. 2021 жылы мемлекеттік органдар, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған үшжақты келісім жасау тетігі енгізіледі", – деді ол
Қанат Махамбет