Көлік бағасы шарықтап тұр

663

2022 жылдың наурыз айында берілген автонесиенің орташа сомасы 7,9 млн теңге, бұл 2021 жылдың осы кезеңінен 55,1%-ға (немесе 2,8 млн теңгеге) жоғары, деп жазды inbusiness.kz Бірінші кредиттік бюроға сілтеме жасап. 

Көлік бағасы шарықтап тұр

“Ал қайталама нарықта белсенділік төмендеуде. Наурызда ресми статистика бойынша 65 мыңнан аса көлік сатылған (ақпанда – 90,5 мың). Бұл 2020 жылдың мамырынан бері ең төменгі көрсеткіш”, – деп жазды бюро сарапшылары. 

Сонымен қатар, елімізде жаңа көліктердің сатылымы азайған. Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметінше, сәуір айында 9 212 авто сатылса, жыл басынан бері көрсеткіш 31,6 мыңға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% төмен. Оның басты себебі – көлік тапшылығы.

Елімізде биылғы жылдың І тоқсанында 19,5 мың жеңіл автомобиль шығарылды. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңінен 11% немесе 1,9 мың бірлікке жоғары. 

Демек Қазақстанда автокөлік өндірісі артып келеді. Бірақ неге көлік тапшы? 

Елдегі өндіріс саласы импорттың орнын жаба алмай келеді. Биылғы 3 айда республикаға 12,7 мың жеңіл автокөлік әкелінді. 2021 жылдың қаңтар-наурызында шетелден 18,4 мың көлік жеткізілген. Осылайша көрсеткіш – 30,6% немесе 5,6 мың бірлікке қысқарған.

Еске сала кетсек, 16 мамыр республикада жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылды. Алайда, жоба қазірдің өзінде  сынға ұшырауда. Себебі салондарда кезек күткен адам көп, нақты несие алып жатқандары шамалы. Оның басты себебі көлік тапшы, бағдарламаның шарттары тек бүгін жарияланып, кезекке тұрғандар тізімі жаңадан қалыптастырылмақ. Ал банктер мемлекеттен әлі толықтай ақша алып үлгермеген. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу