Көлік құралының шанағы мен қозғалтқышының нөмірін визуалды тексеруден өткізу қажет

935

Соңғы 2 жылда 5 132 автокөлік ұрланды.

Көлік құралының шанағы мен қозғалтқышының нөмірін визуалды тексеруден өткізу қажет

Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың атына жолдаған депутаттық сауалында елімізде автокөлік ұрлығы өршіп тұрғанына назар аударды.

"Сіздің атыңызға сауал жолдауға, көлік ұрлығынан жапа шеккен азаматтардың өтініші себеп болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы 2 жылда және 2020 жылдың 8 айында барлығы 5 132 көлік ұрланып, оның 1 922-і ғана иелеріне қайтарылды. Статистика бойынша 2019 жылы 1 490 автокөлік ұрланып, оның 671-і табылды. Ал осы жылдың 8 айында 1 733 автокөлік ұрланып, 233-і ғана иелеріне берілді", – деді депутат. 

Ерсұлтан Бектұрғановтың айтуынша, автокөлік құралдарын екінші рет есепке алу немесе есептен шығару кезінде автокөліктің шанағы мен қозғалтқышының нөмірін визуалды тексеру жүргізуді қолданысқа қайта енгізу қажет. Сонда автокөлік ұрлығы азаяды. 

Жария болғандай, соңғы 2 жылда, оның ішінде 2020 жылдың 8 айын қоса есептегенде, 2 325 820 автокөлік екінші рет есепке алынған.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу