"Жаңа оқу жылынан бастап еліміздің колледждеріне академиялық еркіндік берілді. Бұған дейін де жоғары білім саласында осындай өзгерісті жүзеге асырған болатынбыз. Қазір енді мұның дұрыс шешім болғанын сенімді түрде айтуға болады. Академиялық еркіндік деген не? Бұрын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде колледждер жалпы үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты болатын. Олардың мазмұнын 50%-ға дейін өзгертуге рұқсат етілді. Сондай-ақ оқу жоспарының бөліктері оқу мерзіміне байланысты болатын. Ал жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл көбіне ресми болып, кәсіби тәжірибелерді жүргізу және олардың мемлекеттік аттестация комиссияларының құрамында болуы қажет болды", - деп жазды министр.
Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жаңа ережелерге сәйкес жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады. Екіншіден, колледждерге оқу мерзімін анықтау құқығы да берілген көрінеді.
"Нәтижесінде біз колледждерде студентке бағытталған орталық қағидасын қамтамасыз етеміз. Сондай-ақ студенттердің мамандықты таңдау мүмкіндігі кеңейіп келеді", - деді ол.
Сондай-ақ, ведомство басшысы колледждердің білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілермен бірлесіп әзірлеу алгоритміне де тоқталды. Оның айтуынша, әзiрленген бiлiм беру бағдарламалары сараптамадан өткен соң барлығына қолжетімді бiлiм беру бағдарламаларының электронды тiзiлiмiне енгiзілмек.