Колледждерде онлайн оқыту енгізілуі мүмкін

232

Оқу-ағарту министрлігі тиісті бастама көтеріп отыр.

Колледждерде онлайн оқыту енгізілуі мүмкін Фото: pixabay

Бұл туралы Мәжілісте бірінші оқылымда қаралған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында онлайн оқыту және академиялық ұтқырлық енгізіледі.

"Бүгінгі күні еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледждер жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен еңбек қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру көзделген.  Мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбритания сияқты елдерде кездеседі. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған. Онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге сала сарапшылары мен озық технологияларды тарта отырып, білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау", – деді ведомство басшысы.

Енді ерекше сұранысқа ие IT-мамандықтарға басты назар аударылатын болады. 

"Елімізде IT-сала секторы даму үстінде.  Қазіргі уақытта осы бағыттар бойынша 56 мың студент оқытатын  227 колледж дайындықты жүргізіп келеді",  – деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар, ТжКБ-да академиялық ұтқырлық қағидатын енгізу ұсынылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу