Конституциялық реформа: ҚСЗИ шетелдік сарапшылармен бірлесіп дайындалған баяндаманы ұсынды

99

Кездесу барысында елдегі саяси және институционалдық трансформацияның негізгі бағыттарына арналған талдамалық баяндама таныстырылды. 

Конституциялық реформа: ҚСЗИ шетелдік сарапшылармен бірлесіп дайындалған баяндаманы ұсынды

2026 жылдың 17 наурызы күні қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен "Қазақстанның жаңа конституциялық моделі: орнықты әрі заманауи мемлекет жолында" атты халықаралық сараптамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Maqsut Narikbayev University (MNU) бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құжатта конституциялық реформаның логикасы, оның институционалдық параметрлері, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері және Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының құндылықтық бағдарлары талданады.

Баяндаманың авторлары саяси және институционалдық жаңғырту жағдайында Қазақстанның конституциялық моделінің даму келешегіне қатысты өз көзқарастарын ұсынды. Баяндаманың тең авторлары ретінде бірқатар қазақстандық және шетелдік сарапшылар: халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Альберто Туркстра; Грузияның бұрынғы сыртқы істер министрінің орынбасары, Төтенше және Өкілетті Елші Давид Апциаури; Халықаралық салықтар және инвестициялар орталығының Энергетика, өсім және қауіпсіздік бағдарламасы директорының орынбасары Уэсли Александр Хилл (АҚШ); Орталық Азия бойынша сарапшы, Нархоз университетінің профессоры Андрей Казанцев; "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығы қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, ҚСЗИ-дің өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекшісі Әмина Үрпекова және басқа да сарапшылар қатысты.

Шараның модераторы ретінде Maqsut Narikbayev University университетінің басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен алғысөз сөйледі. Өзінің алғысөзінде ол конституциялық реформаның басқару жүйесін нығайтуға, саяси жүйені жаңғыртуға және мемлекеттік институттарды дамудың жаңа сын-қатерлеріне бейімдеуге бағытталған институционалдық өзгерістерді бекітетінін атап өтті.

Баяндаманы таныстыра отырып, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов конституциялық реформаның елдегі саяси және институционалдық трансформацияның кең ауқымды үдерісінің бір бөлігі екеніне тоқталды.

"Қазақстан дамудың жаңа – сандық өсімнен сапалы дамуға көшу кезеңіне қадам басып отыр. Бұл кезеңді қамтамасыз ету үшін неғұрлым мықты әрі бейімделгіш институттар қажет", – деді Ж. Шаймарданов.

Реформаның институционалдық аспектілері туралы айта отырып, Альберто Туркстра бұл өзгерістер тек жекелеген институционалдық өзгерістермен шектелмейтініне тоқталып өтті. Оның айтуынша, реформа мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған кеңірек шеңберді қалыптастырады.

"Реформа екі мақсатты көздейді: мемлекеттің жұмыс істеу тиімділігін арттыру және конституциялық жүйеде азаматтардың орталық рөлін нығайту", – деп атап өтті сарапшы.

Өз сөзінде Қарлыгаш Жаманқұлова Қазақстандағы конституциялық реформа адам құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтіп, цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеретін адамға бағдарланған құқықтық жүйені қалыптастыратынын атап өтті.

"Заманауи конституциялық жүйелер цифрлық дәуірдің сын-қатерлерін ескеріп, технологиялық прогрестің адамның негізгі құқықтарына нұқсан келтірмеуін қамтамасыз етуі тиіс", – деген пікір білдірді Қ. Жаманқұлова.

Әмина Үрпекова конституциялық реформаны қоғамдық қабылдауға арналған әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелерін таныстырды.

"Жалпы алғанда, деректер азаматтарды абстрактілі институционалдық құрылымдардан гөрі, күнделікті өмірге маңызы бар, ықпал ететін реформаның нақты ережелері көбірек қызықтыратынын көрсетеді", – деді Ә. Үрпекова.

Давид Апциаури конституциялық референдумдардың халықаралық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасады.

"Қазақстан негізгі институционалдық реформалар азаматтардың тікелей қатысуы арқылы бекітілетін жаһандық үрдістерді ұстанып отыр", – деді Давид Апциаури.

Ал Уэсли Александр Хилл конституциялық реформаларды бағалау барысында халықаралық сарапшылар әдетте бірнеше негізгі факторларға: өзгерістерді дайындаудың инклюзивтілігі, референдум өткізудің нормативтік-құқықтық базасы, медиаорта және реформалардың жалпы саяси контекстіне назар аударатынын айтты.

"Конституция қайта қаралған кезде, қоғам іс жүзінде мемлекеттік биліктің архитектурасын – өкілеттіктердің бөлінуін, институттардың жұмыс істеуін және мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды қайта пайымдайды", – деп атап өтті Хилл.

Өз сөзінде Андрей Казанцев Қазақстандағы конституциялық реформа елдің өнімділіктің өсуіне, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген жаңа даму моделіне көшуін көрсететінін атап өтті.

"Қазақстан біртіндеп негізінен сандық экономикалық өсімге бағытталған модельден өнімділіктің артуына, технологиялық жаңғыртуға және адами капиталды нығайтуға негізделген сапалы даму моделіне көшіп келеді", – деген ойымен бөлісті сарапшы.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ұсынылған талдамалық баяндама бойынша пікір алмасты. Сарапшылар конституциялық реформаны халықаралық сарапшылық қауымдастық аясында одан әрі талқылау Қазақстандағы саяси және институционалдық жаңғырту үдерістерін тереңірек түсінуге ықпал ететініні туралы ойларымен бөлісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу