Қордай ауданындағы теңсіздіктерді жоюға 35 млрд теңге бөлінді – Бердібек Сапарбаев

612

28 көпұлтты елдімекен әкімдік назарына алынған.

Қордай ауданындағы теңсіздіктерді жоюға 35 млрд теңге бөлінді – Бердібек Сапарбаев

Қордай ауданындағы қанды қақтығыстан кейін бюджеттен 35 млрд теңге бөлініп, әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға бағытталған. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осындай ақпарат айтты.

"Ұлтаралық тұрақтылық бойынша жүйелі шаралар қабылдауымыз керек. Мұндай оқиғалардың себебін табуымыз қажет. Ең бастысы, мұндай жайттар қайталанбау үшін не істеу керек? "Рухани жаңғыру" туралы айтқанымдай, мемлекеттік органдармен, прокуратура және құқық қорғау орындарымен бірге, қоғаммен бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Біз қазір тоқсан сайын әлеуметтік сауалнама жүргізіп отырмыз. Ең өзекті деген мәселелерді анықтап, соларды шешуге күш саламыз. Қордай ауданында да осындай жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Ең негізгі мәселе – әлеуметтік проблемалар. Тек Қордай ауданында ғана осы мәселелерді шешу үшін 35 млрд теңге бөлдік. Ары қарай не істейміз? Проблемасы бар, тек қазақ халқы ғана емес өзге ұлт өкілдері де тұратын 28 елдімекенді анықтадық. 6 ауданда "Бейбітшілік және келісім" акциясын өткіздік. 400-ге жуық шара өткізіп, 30 мыңдай тұрғынды қамтыдық. Бұл мәселені бір күнде немесе 1 айдың ішінде шешіп тастай алмаймыз. Бірақ ең негізгі проблемаларды уақтылы шешіп жатырмыз", - деді облыс әкімі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу