Жамбыл облысы Соттар әкімшілігінің басшысы Берік Құлтасовтың айтуынша, облыстық сот 51 айыптының ісін қараған. Оның біреуі ақталып шықты. 19 азамат 5 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы 31 адам шартты мерзімге сотталды. Жалпы алғанда, Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысы бар 59 адам жауапқа тартылған. Оның бірі Алматыдағы уақытша изоляторда былтыр қайтыс болды. Тағы 7 адамды Алматы гарнизонының әскери соты 3 жылдан 9 жылға дейін соттады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу