Корея түрмелерінде 20 қазақстандық жазасын өтеп жатыр

1087

Марат Ахметжанов Кореядағы Қазақстан азаматтары туралы статистиканы айтты.

Корея түрмелерінде 20 қазақстандық жазасын өтеп жатыр

Бас прокуордың орынбасары Марат Ахметжанов Кореяда тұрып жатқан Қазақстан азамттарының санын атады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Сіздерге Қазақстан Республикасы мен Корея арасындағы кезекті шартты ратификациялау туралы заң жобасын ұсынып отырмыз. Бұл шарт сотталған адамдарды беру туралы. Сотталған адам мынандай жағдайларда беріледі: егер сотталған адам біздің не Кореяның азаматы болса, сот үкімі заңдық күшіне енген болса, сотталған адам өзін беруге ниет білдірсе, жасаған әрекеті екі елде де қылмыс болып табылса, беру туралы сұрау салу алынған кезден кемінде бір жыл өтейтін мерзімі қалса екі мемлекет өзара беруге келіссе. Егер Қазақстан мен Корея заңдары сәйкес болмай, үйлеспесе онда сот үкімін біздің заңда көзделген жазаға сай келтіріледі, адаптация жасаймыз. Алайда жазаның сипаты мен ұзақтығы Корея сот тағайындаған жазадан қатал болмауға тиіс", - деген Бас прокуратура өкілі біздің елде де сотталған Корея азаматы бар екенін айтты. 

"Бүгін Кореяда 35 мыңнан астам азаматымыз бар. Әрине, өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Қазір Кореяда 20 қазақстандық жазасын өтеп жатыр. Ал бізде сотталған бір Корея азаматы бар", - деді Марат Ахметжанов.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу