Коронавирус бірден 102 адамнан анықталды

822

Қазақстандағы коронавирус бойынша 18 қазан 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай.

Коронавирус бірден 102 адамнан анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 102 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб. 

Осылайша жалпы ел бойынша бүгінге дейін ауырғандар саны 109508-ге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 2 682 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 125-і – бала. "Стационарларда 2 055 науқас жатыр. 627 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 83 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 12 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– дейді ДСМ-нен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу