Коронавирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы нашар

907

Өткен тәулікте 78 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. 

Коронавирус жұқтырған 20 науқастың жағдайы нашар

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында коронавирус инфекциясына қатысты жағымсыз сандарды жариялады.  

Министрдің мәлімдеуінше, өткен тәулікте 78 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған.  

"Өткен тәулікте тіркелген 78 науқастың екеуі – Нұр-Сұлтан, үшеуі – Алматы қалаларынан анықталды. Қалған 73 науқас еліміздің өзге өңірлерінен табылды. 16 науқас – Қарағанды , 19 науқас – Ақмола, 13науқас – Қызылорда, 12 науқас Жамбыл облысынан анықталды", – деді Елжан Біртанов. 

Бұдан кейн ол осы уақытқа дейін 6 науқас қайтыс болып, 46 науқас емделіп, шыққанын еске салды. 

"Қазір 20 науқастың жағдайы нашар. Жетеуі жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Кеше үш адамның жағдайы жақсарды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша науқастармен байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97%-ы табылып, оқшауланды", – деді Елжан Біртанов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу