Вакцинаның қауіпсіздігіне көз жеткізгім келді. Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы екпе салғызған науқас – Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов фейсбуктегі парақшасындай осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.
Айтуынша, вакцинаны дәрігерлер нұсқаулығына сәйкес салғызған. Қазір денсаулығы жақсы, екпенің кері әсерін сезініп жатқан жоқ.
Препарат Австралияда жасалыпты. Оған "COVAX-19" атауы берілген. Клиникалық сынаманың бірінші кезеңіне 40 волонтер қатысқан. Енді 3 айдан соң 10-нан астам елге жіберіліп, 100 мыңнан астам еріктіге салынуға тиіс. Содан кейін ғана жалпы сатылымға жіберіледі.