Коронавирустың өршіп тұрған кезінде ел халқының 14% -ы денсаулық сақтау қызметін пайдалана алмаған

945

 Бұл туралы медицина саласы бойынша жүргізілген сауалнамаға қатысқан қазақстандықтар айтты.

Коронавирустың өршіп тұрған кезінде ел халқының 14% -ы денсаулық сақтау қызметін пайдалана алмаған

Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, биылғы жылдың наурыз айында респонденттердің 33,4%-ы ғана денсаулық сақтау қызметтерінің бағасына қанағаттанған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Сектордағы баға саясатын 54,7%-ы ішінара қолдаса, 8,9%-ының мүлде көңілі толмаған.
 Респонденттердің 32,7% -ы сектордағы мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанған, бұл бір жыл бұрынғы 36,7% көрсеткішінен 4% төмен.  Тағы 55,7% азаматтар көрсетілген медициналық көмектің сапасына ішінара қанағаттанса, 9% көңілдері толмағанын жеткізген.

Қазақстандықтардың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне қанағаттануы 39,6% құрады, азаматтардың тағы 51,3% көрсеткіштерге ішінара қанағаттанды, 6,6% -ы қызметтердің мүлде қолжетімсіз екенін мәлім етті.

 Бір қызығы, ауыл тұрғындарының қала тұрғындарына қарағанда, сектордағы мемлекеттік қызметтерге көбірек көңілдері толады.  Осылайша, ауылдарда халықтың 40,6% -ы денсаулық сақтау қызметтеріне (қалаларда 29,4%), сапасына - 41,3% -ға (қалада 27,8%), қолжетімділігіне- 48,2%-ға (қалада 34,8%) қанағаттанған.

Жас тобы бойынша 18-28 жас аралығындағы респонденттердің 36,5% -ы қызмет құнымен толық келіскен. Сонымен қатар саладағы қызметтердің бағаларына  29-38 жасы аралығындағылардың 36-4%-ы, 39-48 жас аралығындағылардың 32,8%-ы және 49-57 жастағылардың 32,3%-ы, зейнеткерлердің  31,8%-ының көңілі толған. 

Қызмет сапасына қанағаттанған респонденттердің көпшілігі жастар (37,3%), ал ең азы зейнеткерлер (29,7%).

Зерттеу көрсеткендей, әйелдер медициналық қызметтерді ерлерге қарағанда әлдеқайда нашар көрсетеді. Бұл ретте медицинада еңбек ететін қыз-келіншектерге орындалған жұмыс үшін ерлерге қарағанда әлдеқайда аз ақша төленеді. 

Айта кету керек, 2020 жылы ел халқының 13,7% -ы денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін пайдалана алмады.
Олардың ішінде 40%-ы өзін -өзі емдеген, 22,2% азаматтар ұйымдарда маман жоқ екенін, 18,8%-ы дәрігерлерге кезек ұзақ болғанын, 12,1%-ы тым қымбат дәрілерді қабылдамағанын, 10,8%-ы қызметтердің бағасы жоғары екенін, 7,6%-ы емделмеу туралы шешім қабылдады, азаматтардың 5,9% -ы дәріге сенбейді және ұйымдарда нашар қызмет көрсетеді деп есептейді, 3,8%-ы денсаулық сақтау мекемелерінің алыс екенін және оған жету мүмкін еместігін атап өтсе, 2,2 %-ы дәрі -дәрмектің жоқтығына шағымданған. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу