Қостанай облысында бақташыны астындағы аты құтқарып қалды

993

Қостанай облысында бақташыны астындағы аты құтқарып қалды

Қостанай облысының Солтүстік аймақтық аэромобильдік отрядының жетекшісі Сергей Шмидтің айтуынша, оқиға Арқалық қаласына таяу маңда болған, деп жазады alau.kz.

13 желтоқсанда 60 жастағы бақташы Ашутасты кентіне мал қайыруға шыққан. Жолда атынан ауып, одан айырылып қалған. Осылайша жаяу жүріп келе жатып, иесіз қыстаққа кезіккен.  Сол арада түнеуге мәжбүр болады. Абырой болғанда сол түні қатты аяз болған жоқ.  Жақындары ат үйге иесіз қайтып келген бойда іздеуге аттанған.

"Ат ауылға иесіз қайтып келген соң туыстары уайымдап, құтқарушыларға қоңырау шалды. 14 желтоқсан күні сағат 10.00-де құтқарушылар жолға шықты. Ер адамды Ашутасты кентінен 40 шақырым жерден таптық. Аздап тоңып қалған", – деді Сергей Шмидт.

Мамандар медициналық, психологиялық көмек көрсеткен соң бақташыны үйіне жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу