Қостанайда жалған полицейлер тұрғындарды тағы қорқытып-үркіте бастады

786

Қостанайда жалған полицейлер тұрғындарды тағы қорқытып-үркіте бастады

Қостанайда жалған полицейлердің тұрғындарды алдау фактісі тағы белең алды. Соңғы бірнеше күнде Қостанай қаласындағы ІІБ-ге  облыс орталығының 7 тұрғыны арыз түсірген, деп жазады alau.kz.

Алданғандардың барлығы қарт адамдар. Алаяқтар қалалық телефон нөміріне қоңырау шалып, әңгіме барысында дауысын ажырата алмас үшін әдейі кедергілер тудырып отырған.  Өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырған алаяқтар ұлының немесе жұбайының қылмыс жасағаны үшін ұсталғанын айтқан.

"Мәселені "тыныш" қана шешу үшін белгілі бір қаражат төлеу керегін, көп жағдайда 50 мың теңге сұрап отырған", – деп атап өтті Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Қостанай қаласының ІІБ қызметкерлері  халықты сақ болуға, мұндай жағдайда  абдырап қалмауға шақырады.  Соңғы тіркелген жеті оқиғада азаматтардың ешбірі  алаяқтарға ақша ұсынбаған, олар алдымен жақындарына хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін анықтап, содан соң полицияға шағым түсірген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу