Қостанайдағы "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасы қантты Алматыдан алатын болды

4401

 Қостанайдағы "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасы қантты Алматыдан алатын болды

Қостанай мен Алматы облысы "Баян Сұлу" кондитерлік фабрикасына тікелей қант жеткізу жөнінде келісті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Алматы облысы қант қызылшасын жинаудан биыл жаңа рекорд орнатқалы тұр. 339 мың тонна қызылша жинап, одан 40 мың тонна таза қант шығару жоспарда бар. Өңір сұранысын қанағаттандырып, облысымыз өзге аймақтарға қант жеткізуге мүмкіндік алды. Енді Жетісу қанты қостанайлық кәмпиттер мен өзге де кондитерлік өнімдердің құрамынан табылады", - дейді әкімдіктен.

Айта кетсек, "Баян Сұлу" АҚ Қостанайдағы ірі  кондитерлік фабрика. Қырық жылдан астам өз тұтынушыларын ең тәтті және сапалы өніммен қамтамасыз етіп келеді. Кәсіпорында 300-ден астам өнім жасап шығарылады. "Баян Сұлу" АҚ-ның акциялары "Қазақстан қор биржасы" АҚ акциялардың екінші санатындағы секторының ресми тізіміне енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу