Кот-д’Ивуарда 13 жылға созылған БҰҰ-ның бітімгерлік операциясы аяқталды

798

Кот-д’Ивуарда 13 жылға созылған БҰҰ-ның бітімгерлік операциясы аяқталды

Африкалық елдегі азаматтық соғыс пен саяси дағдарыс бейбіт жұрттың берекесін қашырғаны белгілі. Алайда уақытылы қолға алынған бастаманың арқасында қауіпсіздік мәселелерінің беті бері қарады, деп хабарлайды 24.kz.

2004 жылдың 27 ақпанында БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі бекіткен Кот-Д’Ивуардағы бітімгерлік миссиясы міндетін мінсіз атқарды. Алайда қарулы қақтығыстар мен мәміленінің бұзылуына байланысты оның мандаты бірнеше рет ұзартылған. Тынымсыз тер төккен мамандар конституциялық тәртіптің орнауын қамтамасыз етіп, тиісті гуманитарлық көмек көрсетіліп келеді.

Осы орайда БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш бітімгерлік миссиясына қатысып, түрлі келеңсіздіктердің бетін қайтаруға үлес қосқан тараптарға алғыс айтты. Бейбітшілікке сүбелі үлес қосу жолында қазақстандық офицерлердің де еңбегі ерен. Бұл ретте Ақылбай Құсайынов, Рүстем Сүлейменов және Асылхан Манағалиұлын атауға болады. Олар бүгінде отанға оралған. Қорғаныс министрлігінде қызметтерін жалғастырып, Кот-д’Ивуарда жинаған тәжірибелерімен бөлісіп жүр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 2014 жылдан бастап өз әскерилерін қарулы қақтығыс аймақтарына аттандырып, бейбітшілік-бітімгерлік миссияларына белсенді қатысып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу