ҚР премьер-министрі жас ғалымдармен кездесті

1200

Ғылымды басқару жүйесін және докторантура бағдарламасын дамыту, жоғары білім беру мекемелерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру, ғылыми дәреже беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

ҚР премьер-министрі жас ғалымдармен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Алматыда жас ғалымдармен Қазақстанда ғылымды дамыту келешегін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Премьер-министр мегаполиске келген бойда ғылыми ұйымдардың және жоғары оқу орындарының жас ғалымдарымен, сонымен қатар ҚР білім және ғылым министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында Қазақстанда ғылымды дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасты. Ғылымды басқару жүйесін және докторантура бағдарламасын дамыту, жоғары білім беру мекемелерін заманауи жабдықтармен жарақтандыру, ғылыми дәреже беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.

Кездесуді ашқан Бақытжан Сағынтаев жастарды кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналып жатқанын атап өтті. Ғылымды дамыту үшін ең жақсы жағдайлар жасалып жатыр, субсидиялар, жеңілдіктер беріліп, түрлі қолдау шаралары қабылдануда. Сонымен қатар, өз кезегінде, жастардан экономиканың барлық салаларында белсенді әрі тиімді қайтарымның болуы күтіледі. Жастар нақты бастамалар білдіріп, еңбек өнімділігін арттыру және жұмыс орындарының санын ұлғайтуға қатысты өз білгендерін ұсынуға тиіс. Мәселен, бұл  –  егін сапасын жақсартуға бағытталған ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми әзірлемелер.  

ҚР БҒМ деректері бойынша, Қазақстанда 2017 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелермен 386 ұйым айналысқан, 22 081 адам тартылған, оның ішінде 17 205 зерттеуші маман бар. Олардың 7 733-і 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар. 2018 -2020 жылдарға арналған қаржыландыруға мақұлданған жобалар мен бағдарламалар арасында гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру аясында 35 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі зерттеуге қатысатындардың жалпы санының 49,3%-на дейін артты. Бұл – 2015-2017 жылдарға арналған зерттеулерге қарағанда 1,4 есеге артық көрсеткіш.

Қазақстанның негізгі ғылыми орталығы – Алматы қаласы. Қалада ғылыми-зерттеу саласындағы қызметкерлер саны 8,8 мың адамды құрайды. Бұл – Қазақстанның барлық ғалымдарының 40%-ы. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің 36,8%-ы аталмыш қалаға тиесілі. Зерттеулер мен әзірлемелерді жүзеге асыратын ұйымдар саны – 131.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу