Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың жаппай жұмыстан босатылып жатқаны - фейк

450

Мұндай қауесет әлеуметтік желілер мен БАҚ-та таралып кеткен еді.  

Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың жаппай жұмыстан босатылып жатқаны - фейк Фото: gov.kz

Қазақстанда Оңтүстік Кореядағы азаматтарымыздың жаппай жұмыстан босатылуы туралы қауесеттерге қатысты түсніктеме берілді. Бұл туралы inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жақында екі қазақстандықтың Оңтүстік Кореядан депортациялау кезінде әуежайдан қашып кеткені туралы хабарланды.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлағандай, қазақстандықтарды жаппай жұмыстан шығару туралы әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-та тараған ақпарат шындыққа жанаспайды. Елге кіруден бас тартқаннан кейін Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өткен екі азаматтың мәселесі бойынша дипломаттар жергілікті полициямен байланыста және олардан толық ақпарат күтіп отыр.

Бұған дейін, Корея Республикасына кіруге тиісті рұқсат алмаған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткенін жазған болатынбыз. Екі азамат Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуекомпаниясының рейсімен келіп, депортациялық рейсті күтіп тұрған жерінен қашып кеткен. Аталмыш оқиға Оңтүстік Кореяда қоғам арасында талқыға салынып, жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды.

Олардың бірін жергілікті полиция бірден ұстаса, ал екіншісіне іздеу салынып, ұстап берген адамға 30 миллион вон сыйақы тағайындалғанын еске саламыз. Ақыры екінші қазақстандық көп ұзамай полицияға өз еркімен берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу