Красноярда төрт адам "Тайм аут" алкогольдік коктейлін ішіп қайтыс болды

863

Красноярда төрт адам "Тайм аут" алкогольдік коктейлін ішіп қайтыс болды

Красноярда бас қосқан төрт адам "Тайм аут" алкогольдік коктейлін ішіп көз жұмды. Бұл туралы ресми орган өкіліне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.

Дерек бойынша, қаланың Киров ауданындағы жатақханалардың бірінде 23 жастағы ер адам және оның  22, 23 жастағы қарындастары және 38 жастағы тағы бір әйел адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

"Олардың барлығы  күн бойы спирттік ішімдік, оның ішінде "Тайм аут" деп аталатын алкогольдік коктейль ішкен", - деді ресми орган өкілі.

Қазір Қылмыстық кодекстің 238 бабы 3 бөлімі (4 адамның өліміне себепші болған, тұтынушының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтін өнімді саудалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу