Қазақстан темір жолы Әлихан Смайыловтың сынына жауап берді

226

Жолаушылар тасымалы билет құнын үш есеге арттырған жағдайда ғана толыққанды өтелуі мүмкін. 

Қазақстан темір жолы Әлихан Смайыловтың сынына жауап берді Фото: atameken.kz

Мәжіліс аясында "Қазақстан темір жолы" өкілі Қанат Әлмағамбетов журналистердің сұрақтарына және компаниядағы ахуалға байланысты жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Одан жолаушылар тасымалы шығындарын өтеу үшін пойыз билеттері қанша тұруы керек екендігі сұралды.

"Шығын толық өтелуі үшін билеттердің құны үш есе қымбат болуы керек. Бірақ біз билеттердің бағасын жылына бір рет қана көтере аламыз, биыл 7%-ға өсірдік", - деді ол.

Ал вагондарды тек мемлекеттің көмегімен сатып алуға болады, деп толықтырды Әлмағамбетов.

"Себебі мемлекет ставканы субсидиялайды, бұл ақшаны бөлуге көмектеседі және осы ақша есебінен біз жолаушылар вагондарын сатып аламыз. Қанша ақша бөлінсе, біз сонша вагон аламыз. Бәрібір вагон жеткіліксіз, біз келісеміз. Жазда 300-ден 500-ге дейін вагон жетіспейді. Қолда бар вагондардың шамамен 60-65%-ы бекітілген. Яғни, қазір резервте вагон саны өте аз. Негізінен 80-90 жылдарда құрастырылған кондиционерсіз ескі вагондар қалды", - деп түсіндірді ол.

Өз кезегінде көлік министрі Марат Қарабаев жолаушылар тасымалының шығын бөлігі билеттердің құнымен жабылмайтындығына байланысты мемлекет теміржол тасымалын субсидиялауға мәжбүр екенін айтты.

"Бұл шамамен 23 млрд теңге. Мемлекеттік субсидиялау — бұл тағы да салық төлеушілердің ақшасы. Сондықтан субсидияланатын бөлікті төмендету үшін билеттердің құнын арттыру мәселесін қарастыруға болады, бірақ дәл қазір жолаушылар билеттерінің қымбаттауы болмайды", - деді ол.

Қарабаев ҚТЖ негізгі табысын транзиттік жүк тасымалынан алатынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу