ҚТЖ "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-дағы 50% акциясын сатты

946

ҚТЖ "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-дағы 50% акциясын сатты

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-дағы 50% акциясын General Electric Transportation компаниясына сатты, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

General Electric Transportation компаниясының зауыт жұмысына араласу үлесі  ресейлік "Трансмашхолдинг" ЖАҚ-пен тең болады.

Келісімге жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде қол қойылып отыр.

ҚТЖ-ның профильдік емес активін саудалау халықаралық Ernst & Young консалтингтік компаниясының қатысуымен өтті.

General Electric Transportation  кәсіпорынның дамуына тікелей инвестиция құюды, заманауи технологиялар трансфертін, жаңа өндіріс үшін жағдайлар жасау және экспортты кеңейтуді қамтамасыз етеді, деп атап өтті ҚТЖ.

"Локомотив құрастыру зауыты"  құрылған күннен бастап ҚТЖ-ны тепловозбен қамтамасыз етіп келді. Жалпы алғанда, ТЭ33А және ТЭП33А жүк және жолаушы тепловоздарының 302-сін шығарған. Оның 20-дан астамы Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан, Украина, Қырғызстанға экспортқа жөнелтілді.

"Локомотив құрастыру зауыты" АҚ 2009  жылы құрылды. Кәсіпорынның 50% акциясы – ҚТЖ-ға және 50%-ы ресейлік "Трансмашхолдинг" ЖАҚ-қа тиесілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу