Құлаған үй, қисайған баспана: Қазақстандағы құрылыстарға жауапкершілік қашан күшейді?

956

Мұндай жаңалыққа елең етпейтіндей жағдайға жеткініміз рас.  

Құлаған үй, қисайған баспана: Қазақстандағы құрылыстарға жауапкершілік қашан күшейді?

Құлақ та, көз де үйренді.Күн құрғатпай құлап жатыр, деп хабарлайды Atameken Business.    

Кеше ғана Елордадағы жолайрықтың опырылып түскенін әлі ұмыта қоймадық. 10 жылдай бұрын көпірді Елбасының өзі ашқан. Енді жылдар бойы жөнделмей тұруынан, жұрт, тіпті, еркелетіп, "Бүкір көпір" деп атап кетті.  Оған қоса "қисайған" үйлер де бар бізде. Халық "Алға баспаған алғабас" деп те кекетіп жатады.  Былтыр бірден 34 сантиметрге қисайып кетті. Бір қызығы, баспанадағы есіктер өздігімен ашылып-жабылатын болған. Тұрғындар үйлерін тылсым күш басып алғандай күй кешкен екен.

Құрылыс саласына бақылауды күшейту керек деуіміз тегін емес. Оған тағы бір мысал Шығыс Қазақстанда тендерді ұтып алған "Байсан А" компаниясы өз ісіне жүрдім бардым қарғаны әшкере болды. Салдарынан  тамыз айында берілуі тиіс перинаталды орталықтың құрылысы аяқсыз қалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу