Күн мен жел энергиясы Жер шарының жартысын электр қуатымен қамтамасыз етеді

3848

2050 жылы АҚШ-та көмір мен ядролық өнеркәсіп саласы болмауы мүмкін. 

Күн мен жел энергиясы Жер шарының жартысын электр қуатымен қамтамасыз етеді

Bloomberg NEF болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Күн мен жел энергиясы Жер шарының жартысын электр қуатымен қамтамасыз етеді. Бұл уақытқа қарай АҚШ-та қайта жаңғыртылатын энергия көздері мен табиғи газдың арзандауынан көмір мен ядролық өнеркәсіп саласы мүлде жұмысын тоқтатуы мүмкін. Қазірдің өзінде өзгеріс білінеді.

Bloomberg ақпарат агенттігі мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың сәуір айында Американың энергожүйесіне көмірге қарағанда жаңғыртылатын энергия көздері қуатты көбірек берген. 

Жалпы әлемде көмірді пайдалану бойынша ең төменгі көрсеткіш Франция мен Швецияға тиесілі. Бұл елдерде көмір бекеттері  мүлде жоқ, атом мен қайта жаңғыртылатын энергия көздері керісінше көп. Ал көмір өндірісі жоғары елдердің қатарында – Нидерланд, Чехия, Грекия, Польша, Эстония бар. 

Бұған дейін Wood Mackenzie сарапшылары Американың көмірсутектен бас тарту саясаты нәтижесінде 4,7 трлн доллар шығын шығаруға тура келетінін ескерткен. Сонымен қатар, "Жаңа жасыл келісім" бағдарламасы президент сайлауына қатысатын көптеген үміткерлерге экономикалық және әлеуметтік кедергілер туғызуы мүмкін. Өйткені "жасыл энергетикаға" өту электр қуаты бағасының қымбаттауына алып келеді. Сарапшылардың есептеуінше, бұл өзгерістердің нәтижесінде әр америкалық отбасы 20 жыл бойы жылына 2 мың доллардан төлеп отыруға тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу