Күнкөріс деңгейі төмен адамды жұмысқа алған кәсіпкерлер салықтан бостылады

433

Бұл – Өзбекстан билігі қолға алған бастама

Күнкөріс деңгейі төмен адамды жұмысқа алған кәсіпкерлер салықтан бостылады Фото: dw.com

Күнкөріс деңгейі төмен адамдарды жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер салықтан босатылады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өзбекстан осылай елдегі кедейлікпен күреспек. Ол үшін кәсіпорын ұжымының 20 пайызы аз қамтылған отбасылардан шыққан болуы тиіс. Сонда бизнесменге мүлік пен жер салығы салынбайды. Ал осы бағдарламамен жұмысқа кірген адам табыс салығынан босатылады. Өзбекстанда кедейлік шегіндегі адамдарды тұрақты жұмыспен қамту үшін "20 мың кәсіпкер  500 мың білікті маман" бағдарламасы іске қосылмақ.

"Кедейлікпен жүйелі күресуге бағытталған жаңа жоба 1-ші маусымда басталады. Биыл бағдарламаға 1 миллиард доллар бөлінеді.Басты шарт бизнесмендер аз қамтылған отбасылардан шыққан азаматтарды оқытып, Munich жұмысқа алу керек. Әлеуметтік осал топтағыларды кәсіпке үйретуге кететін шығындарды мемлекет өтейді. Ал кәсіпкерлер жеңілдетілген пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады", - дейді Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Қошқаров.

Бір жылда Өзбекстандағы кедейлік деңгейі 3 пайызға төмендеген. Алайда, елде екі қолға бір күрек таппай жүргендер азаймай тұр. Жұмыссыздар саны 1,5 миллионға жуықтайды. Енді ел билігі Қытайлық мамандармен бірігіп мәселені кәсіпкерлер арқылы шешпек. Кедейлік шегіндегі адамдарды жұмыспен қамтитын жобаның инфроқұрылымдық шығындарының 50 пайызын мемлекет өтейді. Оған қоса, әлеуметтік кәсіпкердің өнімдері кеденде жасыл дәліз арқылы өтіп, салық комитетінің тексерінен босатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу