Қырғыз байланыс операторларының дебиторлық қарызды өтеу мәселесі көтерілді

1167

Қырғыз байланыс операторларының дебиторлық қарызды өтеу мәселесі көтерілді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде Дәурен Абаев пен Қырғыз Республикасының ақпараттық технологиялар және байланыс мемлекеттік комитетінің төрағасы Бақыт Шәршембиев кездесті. Бұл туралы knews.kg-ге сілтеме жасап 7kun.kz хабарлайды.

Іс-шараға сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ, "Транстелеком" АҚ, "KazTransCom" АҚ және "TNS-Plus" ЖШС байланыс операторлары компанияларының басшылары қатысты.

Кездесу барысында түрлі бағыттар, оның ішінде интернет жөнінде екі жақты ведомствоаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Оның шеңберінде, қазақстандық тарап жеке қырғыз байланыс операторларының қазіргі дебиторлық берешектерін өтеу туралы мәселе көтерді.

Сонымен қатар, қазақстандық байланыс операторлары қазіргі берешектерге қарамастан, интернетке қол жеткізу бойынша қырғыз байланыс операторларына қызметтерді көрсетуді тоқтатпағаны атап өтілді. Бұдан бөлек, дебиторлық берешекті өтеген жағдайда, операторлар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін, сондай-ақ өткізу қабілетін кеңейтуге қызығушылық танытып отырғандықтарын білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша қырғыз тарапы өздерінің байланыс операторларына жинақталған берешектерді өтеу мәселесін талқылауды ұсынды. Сондай-ақ, кейіннен әрі қарай шешім қабылдау үшін қазақстандық байланыс операторларымен кездесу өткізуді ұсынды.

Бұдан бөлек, "Қазақтелеком" АҚ мен "Транстелеком" АҚ ұзақ мерзімді келісімшарт жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Қазіргі уақытта тек екі қазақстандық компания интернет желісіне қол жеткізу қызметін ұсыну жөнінде қырғыз байланыс операторларымен шарттық қатынасқа ие, олар: "KazTransCom" АҚ және "TNS-Plus" ЖШС.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу