Қырғыз-тәжік шекарасында екінші атыс орын алды

644

Қырғызстанның МҰҚК Шекара қызметі Тәжікстанмен шекарада тағы бір атыс болғанын хабарлады.  

Қырғыз-тәжік шекарасында екінші атыс орын алды

Қақтығыс Баткен ауданының Как-Сае қаласында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Тәжікстанның шекарашылары Баткен шекара жасағының "Достук" заставасының шекарашыларына оқ жаудырған. Жауап ретінде қырғызстандық шекарашылар да қару қолданды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің соңғы деректеріне сәйкес, сағат 14:40-та Баткен ауданының Как-Сай жерінде Қырғызстан мен Тәжікстан шекара бөлімшелері арасында атыс тоқтатылды.

Алайда мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай толығымен тұрақталған жоқ. Екі республиканың шекара делегациялары келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.

Таңертен ғана Баткен облысының Бұлақ-Башы ауданында Тәжікстан Республикасының шекара жасағының пайда болуы салдарынан атыс орын алған болатын. Қырғыз шекарашылары тәжік тарапы минометтер қолданды деп хабарлады. Екі қырғыз шекарашысы жараланды.

Кейін Баткен облыстық басқармасы мен Соғды облыстық басқармасының басшылары телефон арқылы сөйлескен. Оқиға орнына Баткен шекара жасағының бастығының шыққаны айтылды. Соңғы 12:40-тағы жағдай бойынша, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс тоқтаған. Оқиға орнында екі елдің шекара өкілдері жолыққан.

Sputnik Тәжікстан басылымы да Тәжікстан мен Қырғызстан шекарашылары арасында атыс болғанын растады.

"Шамамен сағат 07:15-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:15-те) Кех, джамоата Ворух шекаралас аумағында Қырғызстанның шекарашылары мен әскери қызметшілері себепсіз тәжік шекарашыларының жасағына қарай оқ жаудырды", – деп хабарлайды басылым.

Исфара әкімшілігінің баспасөз хатшысы Зубайдулло Шомадовтың айтуынша, тәжік әскері кері оқ жаудырған. Салдарынан бірнеше шекарашылар зардап шекті.

Динара Мұрат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу