Қырғызстан ел Конституциясының түпнұсқасын таппай жатыр

1098

Қырғызстан ел Конституциясының түпнұсқасын таппай жатыр

Қырғызстан билігі ел Конституциясының  түпнұсқасын жоғалтып алды.

Бұл туралы Жогорку Кенештің отырысында мәлім болды. БҰл туралы 24.kg-ға сілтеме жасай отырып "ҚазАқпарат" ХАА  хабарлады.

Әділет министрі Жылдыз Мамбеталиева Ата заңның түрнұсқасы Қырғыз Республикасы президенті аппаратында орналасуы тиістігін айтады. Бірақ Жогорку Кенештегі президенттің уәкілетті өкілі Молдакун Абдылдаев түпнұсқа қандай аппаратта, қандай шенеунікте жатқанын білмейтіндігін мәлім етті. Ел президентінің Кеңсесі құжатты іздегенімен, таппаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу