Қырғызстан мен Өзбекстаннан келетін өнімдердің бірқатарына уақытша тиым салынды

1278

Бұдан бөлек, алдағы көктемде ел аумағында аң аулауға тыйым енгізілді. Сондай-ақ Қорғалжың қорығында балық аулауға шектеу қойылды.

Қырғызстан мен Өзбекстаннан келетін өнімдердің бірқатарына уақытша тиым салынды

Ауыл шаруашылығы министрлігі тыйым салулардың топтамасын жария етті. Атап айтқанда, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан бірқатар өнімді Қазақстанға әкелуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, алдағы көктемде ел аумағында аң аулауға тыйым енгізілді. Сондай-ақ Қорғалжың қорығында балық аулауға шектеу қойылды.

Нақтырақ тоқталсақ, 2019 жылдың 19 ақпанынан бастап, Қазақстанға карантинге жатқызылған өнімдерге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар енгізілді. Яғни, АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің орынбасары Алмабек Марстың айтуынша, Қырғызстаннан тұқымдық және азықтық картопты, алманы, құрманы, сонымен қатар Өзбекстаннан анарды әкелуге рұқсат етілмейді.

"Соңғы уақытта Қырғыз республикасынан және Өзбекстаннан енгізілген карантинге жатқызылған өнімдерден жүйелі түрде карантиндік объектілердің анықталуы жиіленіп кетті. Мәселен, алма және құрмада карантиндік объект "Комсток сымыры" (Pseudococcus comstocki, Kuwana), картопта карантиндік объект "картоптың алтын түстес жұмырқұрты" (Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens) табылды. 2018 жылы және ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға енгізілген карантиндік жүктерді тексеру кезінде Қырғызстаннан карантиндік фитосанитариялық бірегей талаптарына сәйкес 465 фактісі, соның ішінде 59 фактісі карантинге жатқызылған өнімдерден карантиндік объектілермен залалдануы анықталды", – деді ол.

Өткен жылғы желтоқсанда Өзбекстан аймағынан енгізілген анардан 2 рет "комсток сымыры" табылған. Сымыр жемістің өсу нүктелерінің және өркенінің кебуі мен қурауына, жапырақтың сарғайуы мен түсінуіне және ақырында, өсімдіктің солуына әкеп соғады. Жеміс қатты залалданған уақытта сапасы мен дәмі нашарлайды және салмағы азаяды екен. Сымырмен залалданған ағаштардың жанында өскен жеміс дақылдары да сымыр құртымен залалданып, шығынға ұшырайды: қызылша 35%, картоп 42%, шабдалы 49%-ға құриды.

"Картоптың алтын түстес жұмырқұрты" тамырмен түйінді зақымдап, картоп өндірісіне зиян келтіреді. Өнімді жоғалту көлемі 50-90%-ға дейін барады. Кей жағдайларда бүкіл өнімді жоғалтуына әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу