Қырғызстанда дәрі-дәрмек бағасын мемлекет реттейтін болды

1315

Қырғызстанда дәрі-дәрмек бағасын мемлекет реттейтін болды

Қалыптасқан жағдай бойынша, дәріханалар бір препаратты түрлі бағада сатуда. Алдымен аса қажетті дәрілердің бағасы бақыланады. Қазір елде дәрі-дәрмек бағасын реттейтін жүйе жоқ, деп хабарлайды 24Хабар.

Айталық, Бішкектегі бір дәрі әр жерде әртүрлі бағамен сатылады. Аймақтағы ахуал тіпті бөлек әңгіме. Баға жеткізушілер мен сатушылар құзырында. 

"Бұл бастама Монополияға қарсы комитет пен басқа да бірнеше мемлекеттік мекеме жұмысының жалғасы. Осының нәтижесінде біз елдегі жеке қолдарға өтіп, бақылаусыз қалған фармацевтикалық саланы реформалау керек деген қорытындыға келіп отырмыз. Үкіметтің шешімін дәріхана ісімен айналысып жүрген жеке кәсіпкерлер де қолдап отыр", – деп атап өтті  қайырымдылық қорының төрағасы Динара Аляева.

Олардың айтуынша, саланы ретке келтіріп, дәрі-дәрмекті халыққа қолжетімді ететін уақыт жеткен. Егер билік бастаған істі аяғына дейін жеткізсе, кәсіпкерлерге де, халыққа да пайдасы зор болмақ.

"Цитрамон, аспирин сияқты дәрілер бір дәріханада – 5 сом, енді біреуінде 15 сом тұрады. Бұл дұрыс емес. Өйткені одан тұрмысы төмен отбасылар мен зейнеткерлер көп жапа шегеді. Осының салдарынан наразылық туып жатады. Сондықтан бағаны реттеу керек деп ойлаймын", – деді кәсіпкер Баатыр Токтосунов.

Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бастаманы жүзеге асыру көп уақытты қажет етеді дейді. Онда бағаны реттеудің тиімді жүйесін құрып қана қоймай, тауарды әкеліп, сатумен айналысатын кәсіпкерлердің де мүддесін қорғау керек. Сондықтан үкімет елдегі барлық препараттың емес, алдымен аса қажетті дәрілердің бағасын реттеуден бастауды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу