Қыс түскелі Астанада 575 тонна көктайғаққа қарсы реагент қолданылды

927

Қыс түскелі Астанада 575 тонна көктайғаққа қарсы реагент қолданылды

Биыл алғаш рет елорданың коммуналдық қызметтері көктайғаққа қарсы "Айсмелт" реагентін пайдалана бастады, деп хабарлайды astana.gov.kz.

"Астана Тазалық" ЖШС хабарлауынша, "Айсмелт" хлорлы кальций негізінде өндірілетін көпқұрамды материал. Қату температурасы өте төмен бұл реагент мұздың түзілуін болдырмайды. Ұқсас материалдармен салыстырғанда, аудан учаскесін өңдеуге құрамның аз көлемі қажет. Қыстың алғашқы күндерінен елордада аталған заттың 575 тоннасы қолданылған.

Реагенттің басты артықшылығы – адам мен жануарларға зияны жоқ. Бұған қоса, ол көшені ластамайды, және тайғанауға жол бермейді, қар немесе мұз қабатына тез және терең сіңеді және жинағаннан кейін із қалдырмайды.

Дұрыс қолданған жағдайда реагент көктайғақтың түзілуіне жол бермейді, көктайғаққа қарсы екі құрамдасты (хлорлы кальций және хлорлы натрий) үйлестіру есебінен ұзақ уақыт еруді қамтамасыз етеді.

Оның басты артықшылықтарының бірі - реагенттердің ішінде ең көп шығындалатындығында. Осының арқасында көктайғақпен күресте нәтиже бар.

Ауа райы жағдайларына байланысты жыл сайын орта есеппен 30-дан 35 мың текше метрге дейін құм-тұз қоспасы пайдаланылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу