Қытай көліктері Азия елдерін жаулап жатыр

1182

6 айда Қорғас арқылы Қытайдан 92 мың көлік Азия елдеріне асқан.

Қытай көліктері Азия елдерін жаулап жатыр

Бұл былтырмен салыстырғанда 5,4 есе көп. Аспан асты елі Ресей нарығын да жаулап жатыр. Сала мамандарының сөзінше,  енді Ресей тұралап қалған зауыттарын Қытайға беруі бек мүмкін. Яғни қытай көліктерін өздері құрастырып, Қазақстанға тасымалдауы ықтимал. Бұл онсызда еңсесін көтере алмай келе жатқан елдегі машина жасау саласын кері шегіндіреді. Биліктегілер қандай шара қолдануы керек?

Қытай орталық Азия мемлекеттерінің көлік нарығын жаулауға көшті. Ай сайын мыңдаған техникасын Қазақстан, Өзбекстан тіпті Ресейдің жүргізушілері талап жатыр. Электрі бар, моторлы машиналардың  атауын жаттап үлгермей жатырмыз. Модельдеріне тіліміз күрмелсе де өзімізге икемдеп де атап жүрміз. Басында таңсық еді, оған да көз үйренді. Алпауыт мемлекет мұнымен тоқтамаймыз деп отыр.

"Осы жылдың басынан бастап шетелдік нарықтардағы тұрақты ірі тапсырыстардың арқасында, Қытай автомобильдерінің экспорты жоғары қарқынмен өсуде. Мысалы, қаңтардан шілдеге дейін темір жол арқылы Қорғастан 92 мың автомобиль экспортталды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,4 есе көп. Олардың ішінде белгілі Chery, Чанъань және Чанчэн сияқты маркалар бар, олар негізінен Қазақстанға, Өзбекстанға және "Белдеу мен жол" бойындағы басқа да елдерге экспортталады", - деді Қорғас кедендік бақылау инспекциясы үшінші бөлімінің директоры орынбасары Чжан Цянь.

Елге  Chery, Чанган, Чанчэн көліктері келіп жатыр. Бағалары халық үшін тиімді, арзаны 7 млн теңгеден басталады. Бұл ескімен алысып есі шыққан жүргізушілердің амалсыздан барған амалдары. Өйткені авто салонда көлік жоқ. Айлап кезек күтесіз, одан қалды бағасы қымбат. Жаңа көлік алғандар тұлпарының модельін білмеседе, әйтеуір алғашқы иесі өзім дейді.

"Семейдің Үржар деген ауданында тұрамыз. Сол жаққа енді үш-төрт рет барып келдік. Аса көп жаманшылығын көргеніміз жоқ. Жақсы жүріп жүрміз ақырын ақырын.Бірақ енді ұсақ-түйек сынған жерлері де бар енді. Жоқ деп айтуға да болмайды. Бір жақ сиденияның моторчигі істемей қалды, бірақ жүрісі жақсы әйтеуір", - дейді Семей қаласының тұрғыны Сіләмғажы Қасымжанов.  

Қытай көліктеріне айтылып жатқан сын көп. Дегенмен балама жасаудан көшбасшы саналатын аспан асты елі, кепілдік беру мерзімімен ұтып тұрған секілді.

"Көбінесе бағаға қарайды. Сапағада қарайды. Көбінесе кепілдік сервисті сұрайды. Сервистік кепілдік көбірек болса, соған қарай жақсы", - дейді Автоорталық қызметкері Алмас Есентұров.

Сұранысқа қарай ұсыныс беру кәсіптің негізгі принципі. Қытай осы ережені мықтап ұстанатын секілді. Қазақстандықтар қолжетімді әрі жаңа дүниелерге қызығады. Мысалға мынандай көліктерге қазір сұраныс көп.

Қытай долларға тәуелді емес, сондықтан өз ережесімен баға қоя алады. Мұны өздері мәлімдеген.  Бұл елде онсызда тұралап тұрған машина жасау саласын тежейтіні рас. Жауапты министр бұған қатысты еш алаңдаушылық жоқ, дейді.

"Біз сондай шешім қабылдадық рұқсатсыз кіргізуге. Не үшін өйткені халықты ең алдымен үйрету керек. Жалпы баламалы энергиялы көліктермен жүруге. Халық үйренген соң ондай көліктерді өзімізде құрастыратын боламыз. Екінші жалпы Қытайлық көліктерге келетін болсақ, екі көлік құрастыратын зауыт құрылысы жүріп жатыр. Біздің жоспарымыз бойынша зауыттың жұмысы 2025 жылы толығымен іске қосылатын болады", - дейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс министрі Марат Қарабаев.

Біз Қытай зауытын салып біткенше, Ресей ерте қамданып жатыр. Лада брендін өндіруші зауыт енді Chery, Чанган көліктерін құрастыруға берілуі мүмкін. Қазір өзінде Ресей олардың 14 маркасын тұтынады. Орыс нарығын қызықтырған Қытайлық компаниялар жыл соңына дейін тағы 30 марка ұсынбақ.

"Қытай елі барған сайын көліктерінің көлемін арттыра береді. Қазір Geely, Chery маркалы машиналар көптеп келуде. Ал Ресейлік АвтоВаз зауыты мұндай бәсекелестікке төтеп бере алмасы анық. Менің ойымша жақында оларда мемлекеттік бағдарлама жасалады, және ақырындап қытай көліктеріне көше бастайды. Қытайлық бренд Chery компаниясы өз өнімдерін Ресей зауытында құрастырмақшы. Оларға жабдық іздеп қажет емес, еуропалық компаниялардың Федерация нарығынан кеткенен кейін бос жатқан зауыттарын іске қоспақшы. Ал қытай компанияларының өнім шығару күшін жақсы білесіздер. Млндаған машина жасап Ресей нарығын лезде жаулап алады. Содан кейін бізге келеді", - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Болатбек Әлиев.

Бұдан үрейленудің қажеті жоқ -, дейді сарапшы. Керісінше осының арқасында  30 жыл болған тозығы жеткен көліктерден құтыламыз. Бір ғана тұсы екі ортада Ресейдің делдалдығынан сақтану керек дегенді айтты. Ал Қытай зауыты тез іске қосылса, көлік бағасы бір ақ сәтте реттеледі дейді.

"Жоқ, ол тез реттеледі. Нарық деген ең тез құрал ғой негізі. Ол мемлекетте халық сияқты жұмыс істей алмайды. Нарық ол бір ақ күнде бәрін орнына қояды. Мен әрине бізде бұл сала болғанда мен екі қол аяғыммен сол саланың қолдаушысы болар едім", - деді Экономикалық Ұлтшылдық қозғалыс төрағасы Айбек Барысов.

Жауапты министрдің мәліметінше Қытайдан Қазақстанға 10 мыңнан астам көлік кірген. Оның басым бөлігі электрлі машина.

Бастапқыда Haval маркалы көліктер сатылымы көбейген. Артынша Changan, Ghery көліктері түрлеріне бастады. Жанармай тұтынатын техниканың 5 түрі, тоқпен жүретін көліктің 3 түрін ұсынып жатыр. Былтырдың өзінде 12 мыңға жуық Қытай көліктері сатылған. Ал биыл қанша көлік сатылғаны әлі белгісіз, бір анығы Қытай жарты жылда Орталық Азия мемлекеттеріне 92 мың көлігін жіберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу