Қытай құны $200 млрд тұратын америкалық тауарларды сатып алмақ

552

Бұл сауда келісімінің бірінші кезеңі бойынша жасалған мәміле. 

Қытай құны $200 млрд тұратын америкалық тауарларды сатып алмақ

Бұл туралы South China Morning Post басылымы хабарлады. Енді Қытай АҚШ-тан екі жыл бойы осы сомаға сауда жасайтын болады. 

Ресми дерекке сүйенсек, Бейжің $75 млрд өндірістік тауарларға, $50 млрд энергия тасымалдаушыларына, $40 млрд ауыл шаруашылығы тауарларына, ал $35 млрд қызмет көрсетулерге бөлмек. 

Келісім бойынша, зияткерлік меншікті қорғау да қарастырылмақ. Сонымен қатар құжатта технология, валюта, Қытай экономикасының негізгі секторлары, қаржы қызметтері мен ауыл шаруашылығы мәселелері де жазылған. 

Егерде Қытай тағы да өз міндеттемелірн орындамаса, АҚШ-тың оған қарсы санкция жариялауына толықтай құқығы бар делінген. 

Айта кетейік, қос тарап сауда келісімнің бірінші кезеңіне қатысты құжатқа 15 қаңтарда қол қоймақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу