Қытай мен Қазақстан шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі артты

740

2020 жылдың қорытындысы бойынша Қытай мен Қазақстан шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі 21 млн тонна деңгейінде болады деп болжанып отыр.  

Қытай мен Қазақстан шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі артты

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев бейнеконференция форматында "Қытай темір жолдары" Директорлар кеңесінің төрағасы Лу Дунфумен жұмыс жүздесті. Жүздесу барысында екі ел арасындағы жүк тасымалының көлемі оң қарқын көрсетіп отырғаны аталды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

"2020 жылдың 8 айында Қытай мен Қазақстан шекаралық өтпесі арқылы
жүк тасымалы көлемі 14,2 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылдың сәйкес
кезеңінен 30% көп", – деп атап көрсетті Лу Дунфу.

2020 жылдың қорытындысы бойынша тараптар Қытай мен Қазақстан
шекаралық өтпесі арқылы жүк тасымалының көлемі 21 млн тонна деңгейінде
болады деп күтуде.

Әңгіме барысында тараптармен Достық – Алашаңқай және Алтынкөл –
Қорғас шекаралық өтпелері арқылы тасымал көлемін арттыруды қамтамасыз
етуге ерекше назар аударылып отырғандығы атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу