Қытай рұқсат берсе, Қазақстан отандастарымызды Уханьнан қайтаруға дайын

1065

Қазір бұл қалада елімізден оқуға кеткен 98 студент бар.

Қытай рұқсат берсе, Қазақстан отандастарымызды Уханьнан қайтаруға дайын

Қытай рұқсат берсе, Қазақстан отандастарымызды Уханьнан қайтаруға дайын. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

Оның айтуынша, еліміздің дипломаттары карантин жарияланбас бұрын осы қаладағы қазақстандықтар туралы мәліметті жинап үлгерген.

"Бірақ Қытай билігі Ухань қаласын жауып тастап, ешкімді шығармай жатыр. Карантин жарияланған күні қытайлық тарапқа осы жайында тиісті хат жіберілген болатын. Бірақ ресми Бейжің әзірге бірде-бір елге ондай рұқсат бермеді", – дейді Смадияров.

Бұған дейін  СІМ Қытайда жалпы 10 мың, ал Уханьда 230 қазақстандық студенттің оқып жатқанын жариялаған болатын.

24 қаңтарда ведомство өкілі мәлім еткен дерек бойынша, қазір бұл қалада 98 студентіміз қалып қойған. Ал басқалары демалыс басталысымен Қазақстанға оралып, кейбіреулері шет елге кеткен.

26 қаңтарда ҚР премер-министрі Асқар Мамин Қытай территориясындағы қазақстандықтарға көмек көрсетуге тапсырма беріп, ал мемлекеттік органдарға коронавирустың таралуын тежеу мақсатында қытайлық әріптестерімен тиісті жұмыс жүргізуге бұйрық берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу