Қытайдағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың табысы артып жатыр

542

ҚХР премьер-министрі Ли Кэцян елдің экономикалық белсенділігі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге келесі жылы жетеді деп топшылады.

Қытайдағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың табысы артып жатыр

Қытайдың мемлекеттік статистикасының мәліметі бойынша, өнеркәсіп индустриясының кірісі соңғы алты бойы өскен. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың табысы қазан айында 28,2%-ға артып, 97,79 млрд долларға дейін жеткен. 
2020 жылдың қыркүйегінде өсім 10,1% болған еді. Ескере кету керек, бұл деректер жылдық кірісі 20 миллион юаньнан асатын ірі компаниялардың негізінде жиналған. 

2019 жылдың қазанында инвестициялардың өсуі және базаның төмен болуы өнеркәсіптік сектордағы пайданың күрт өсуіне ықпал етіп отыр. Қытайдың индустриалды секторы экспорттың өсуінен кейін қалыпқа келе бастаған.  ҚХР премьер-министрі Ли Кэцян елдің экономикалық белсенділігі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге келесі жылы жетеді деп топшылап отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: dw.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу