Қытайға агроөнімдерді өткізудің кедендік рәсімдері жеңілдетілді

1485

Қазақстан мен Қытайдың кеден бекетінде "Жасыл дәліз" жобасы іске қосылды.

Қытайға агроөнімдерді өткізудің кедендік рәсімдері жеңілдетілді

Алматы облысындағы "Нұр жол" кеден өткелінде бірден 18 келісім бекітілген. Оған сәйкес, ауылшаруашылық тауарларын өткізу мен тексерудің талаптары оңтайландырылмақ. Әзірге өкізілуі жеделдетілген тауарлар – бидай, арпа, соя, зығыр. Таяуда қатарға жеміс-жидек пен көкөністер де қосылады, деп хабарлайды Atameken Business.

"Жасыл дәліз" аясында, сондай-ақ, шаруалар үшін арнайы қоймалар да ашылмақ.

"Нұр жол" бекеті былтыр іске қосылған. Мұнда барлығы да автоматтандырылған, транспорттар 8 қатар жолмен өтеді. Биылғы жылдың 6 айында қазақ-қытай сауда-саттығы 310 млн долларды құрапты. 

"Бірқатар ауыл шаруашылығы тауарларын еркін тасымалдау үшін келісімге қол жеткізілдік. Осы номенклатураны кеңейту бойынша әлі де үлкен жұмыс жүреді. Демек, қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне неғұрлым жоғары бәсекелестік ортаға шығуға мүмкіндік бар",– дейді ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Өмірзақ Бейспеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу